Қазақ студенттері Қытайдан жүлдемен оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ студенттері Қытайдан жүлдемен оралды

28.11.2014
Қазақ студенттері Қытайдан жүлдемен оралды

Қытайдың Бейжің қаласында өткен «Enactus» байқауында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттері Қазақ елінің атынан бақ сынап, жүлделі үшінші орынға ие болды.

«Enactus» - дегеніміз тұрғындарға экономикалық, әлеуметтік, экологиялық жағынан көмек көрсету. Яғни,  кәсіпкерлікпен айналысу үшін арнайы жоба дайындау керек. 34 мемлекет қатысқан байқауда ТМД елдерінің ішінен тек Қазақ елінен барған жастар ғана  марапатқа ие болды.

«Бейжің қаласында өткен байқау 4 күнге созылды. Бірінші орынды Қытай елі, екінші орынды Марокко алды. Үшінші орын – біздің қоржында. Келесі жылы Ұлттық чемпионат өтеді. Соған дайындық үстіндеміз»,-дейді байқау жеңімпазы Жұлдыз Қасымханқызы.

«Enactus» халықаралық байқауында Қазақ Ұлттық аграрлық университеті төрт жоба көрсеткен. Олар: «Үміт», «Күш – бірлікте», «Су қоймасы» және «Карго» деп аталады. Соның ішінде «Су қоймасы» жоғары бағаланған.

Студенттердің жобасы халықаралық деңгей бойынша іс жүзінде жүргізілетін болады. Бүгінде студенттер EXPO-2017 көрмесіне тың жоба әзірлеу үстінде.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу