Бүгін – Брюс Лидің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Брюс Лидің туған күні

27.11.2014
Бүгін – Брюс Лидің туған күні

Шығыс жекпе-жегінің майталманы атанған Брюс Лиді бала кезінде Ли Сяолун деп атапты. Қытай тілінен аударса, «кішкентай айдаһар» деген мағына береді. 1940 жылы Калифорнияда дүниеге келген ол қытай жекпе-жегін меңгерген шебер ғана емес, актер, режиссер, бірнеше кітаптың да авторы.

Ол кино өнеріне бала кезінде келді. Өмірінің соңына дейін 36 фильмге түсіпті. Сонау  АҚШ-та жүріп шығыс жекпе-жегі өнерін танымал етті. Брюс Ли туралы бүкіл әлемде 30-ға тарта деректі фильм түсірілген.

Брюс алты жасынан бастап кинода басты рөлдерді сомдай бастайды. Ол Гонконгтегі атақты колледжге түскенімен, оқу үлгерімі ең нашар балалардың бірі еді. Анасы неміс ұлтынан болғандықтан, қытай балаларымен жиі сөзге келіп қалатын. Бірнеше соққы алғаннан кейін ол жекпе-жек шебері Ип Маннан сабақ ала бастайды.

Тайваньда жүргенде Мұстафа Өзтүрік те Брюс Лимен иық тірестіре жаттығу жасағаны белгілі.  Шығыс жекпе-жек өнерінің қос майталманы да соңына өшпес із қалдырып кетті.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу