Қазгидромет: таяу күндері өңірлерде 30-35 градус аяз болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: таяу күндері өңірлерде 30-35 градус аяз болады

26.11.2014
Қазгидромет: таяу күндері өңірлерде 30-35 градус аяз болады

Елімізде таяу күндері 30-35 градус аяз болады деп күтілуде. Бұл туралы РГП «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Осы аптада батыс облыстарды қоспағанда, республиканың қалған аумағында қар жауады. Солтүстікте боран соғып, желдің екпіні 13-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ орын алады. Қар қалың түседі деп күтілуде.

Түнгі ауа температурасы 22-27 градусқа төмендесе, жер-жерлерде аяздың күші 30-35 градусқа дейін жетпек. Оңтүстікте 10-20 градус аяз болады. 

Хабарламаларға жазылу