Ақтөбе облысында жаңа цемент зауыты салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жаңа цемент зауыты салынып жатыр

28.10.2015
Ақтөбе облысында жаңа цемент зауыты салынып жатыр
Ақтөбе облысында жаңа цемент зауыты салынып жатыр

[left]Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданы Приозерное ауылында салынып жатқан цемент зауытының құрылысы барысын талқылау үшін «Хуасинь Цемент» корпорациясының вице-президенті, шетел инвестициялары бойынша директоры Лю Юньсямен кездесті. Бұл туралы Қазақ радиосының облыстағы меншікті тілшісі Мейрамгүл Рахатқызы хабарлады.

Ауылдағы зауыт құрылысы осы компанияның қолдауымен жүргізіліп жатыр. Облыс әкімінің айтуынша, бұл зауыттың өнімі құрылыс индустриясы қарқынды дамып келе жатқан Ақтөбе өңірі үшін сұраныста болатыны хақ. «Жыл сайын өңірде 450-500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұған өндіріс орындарының, басқа да нысандардың құрылысын қосыңыз. Мұның барлығында цемент өнімі пайдаланылады. Халықаралық «БатысҚытай-Батыс Европа» транзитті дәлізі, жан-жаққа апаратын теміржол, автокөлік жолдары арқылы да цемент өнімін көрші өңірлерге ғана емес, шетелдерге де шығаруға болады», – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімі «Хуасинь Цемент» корпорациясының вице-президенті, шетел инвестициялары бойынша директоры Лю Юньсяні халықаралық «Ақтөбеинвест-2015» инвестициялық форумға қатысуға шақырды. Осы форум барысында іскерлік туралы келісімшартқа қол қою жоспарланып отыр.

kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу