Мәдина Ералиева көзі тірі болғанда биыл 60 жасқа толар еді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдина Ералиева көзі тірі болғанда биыл 60 жасқа толар еді

26.11.2014
Мәдина Ералиева көзі тірі болғанда биыл 60 жасқа толар еді

«Нұр жауып тұрған көктемде» дүниеге келген Мәдина Ералиева көзі тірі болғанда биыл 60 жасқа толар еді.  Өзіне ғана тән, қайталанбас, ғажап үні бар, қазақ даласындай кең тынысты, мақпал дауысты әнші орындаған «Айқаракөз», «Күрең күз», «Кірмеші жиі түсіме», «Ақбаян», «Жылқы ішінде ала жүр»,  «Сағым жылдар» атты әндер әлі күнге тыңдарманын жоғалтқан жоқ.

Қазақстанның Халық әртісі Мәдина Ералиева халық әндеріне,  лирикалық әндерге өзгеше жан бітірді. Замандастарының айтуынша, әнші ән таңдауға келгенде өте талғампаз болыпты.

«Мәдина – қазақтың маңдайына біткен бұлбұлы еді. Оның ерекшелігі – ән таңдай білетіні. Өзінің өмірімен жалғастырып, халыққа жеткізіп, сол әнді бүкіл халықтың әніне айналдыра алатын қасиеті бар-ды. Халық та оны аса жоғары бағалады», -дейді композитор Гүлнәр Дәукенова.

Әнші бір сұхбатында: «Әрбір әнші әнін өзі таңдайды. Кездейсоқ келген әншіге ол ән жақпайды. Мысалы, екі адам бір-бірін жақтырмаса, әңгіме де дұрыс өрілмейді ғой,  бұл да солай. Ән мен әнші үйлесіп тұруы керек»,-деген екен.

Сюжеттің толық нұсқасын  «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу