«Бұл ауыл – Жаңаауыл» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бұл ауыл – Жаңаауыл»

26.11.2014
«Бұл ауыл – Жаңаауыл»

Ол 1994 жылы 23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылында дүниеге келген.  Аудандық, облыстық және республикалық жыр байқауларының жеңімпазы. Ол қазір Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде білім алуда.

«Өмірдегі басты мақсатым – Абай атамыздың бір сөзі бар: «Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оған ерме, Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Содан шыққан шын асыл тастай көрме». Осы жолдарды өзіме ұстаным етемін»,-дейді жас ақын.

Байлыдан асып көрші

Сонда сен көресің, өмір өткелін,

Сол жерге келсем,

Көтеріледі мұңайған көңіл көктемім.

Майлыдан асып көрші,

Шабыттың көк серкесін өңгеріп ап,

Ақын болсаң, жыр сыйла,

Шөліркеп қалмауы үшін көмбе құрғап.

Бұл ауыл – Жаңаауыл,

Теріс айрығы тебіреніп, тасынып ағатын.

Бірлігін бірінші ту қылып ұстап,

Алшыны асығы алатын.

Бұл ауыл – Жаңаауыл,

Әр үйде құдайы қонағы болатын.

Ауылға келген әр адамның,

Әрқашан қадамы оңатын.

Бұл ауыл – Жаңаауыл,

Көркейген тау-тасы, тоғайы, жағасы,

Тұсауын кесті ғой, осынау өлкеде,

Айтыстың төресі, қазақтың Абашы.

Сағынтып жетемін,

Жырымды көтеріп, арқалап,

Ақуыз жырымнан ауыз ти өтінем,

Мархабат!

Бұл ауыл – Жаңаауыл,

Сезімім сезініп, тек сені жырласын

Ол менің мұңайған сәттерде сырласым,

Қуанған сәттерде – құрдасым.

Бүйрегім сен жаққа бұрады,

Өзіңде туғасын...

Хабарламаларға жазылу