Бұл салмақтағы жекпе-жектер Италияның Бергамо қаласында өтуде. Пинчук 2013 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, германиялық Эмир Ахматовичке қарсы шаршы алаңға шыққан.
І турда Ахматович америкалық Явонта Чарльзді мерзімінен бұрын ұтса, Пинчук аргентиналық Ямиль Перальтаны жеңді.
Қарсыластар бұдан бұрын да кездескен. Өткен жылы Галле халықаралық турнирінде неміс боксшысы ұтқан. Бұл жолы қазақстандық боксшы жеңді.
Жекпе-жек Антон үшін оңай басталған жоқ. Алғашқы екі раундта Ахматович ұпай бойынша алда тұрған. Алайда, Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы кездесуде белсенділік танытып, жеңісті өз еншісіне жазды.
Қалған үш раундта ол қарқынын үдетіп, төрешілерге күмән қалдырмай жеңді. Есеп – 3:0 (60:54, 58:56, 58:56).
confederation.kz