Астана халқының саны 30 мыңға көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана халқының саны 30 мыңға көбейді

24.11.2014
Астана халқының саны 30 мыңға көбейді

2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халық саны 30 495 адамға өсті, деп хабарлайды қалалық Статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Қаладағы халық саны ағымдағы есеп бойынша 2014 жылғы 1 қазанда 844 930 адамды, оның ішінде Алматы ауданы бойынша – 377 889 (44,7 пайыз),   Есіл ауданы бойынша – 124 033 (14,7 пайыз), Сарыарқа ауданы бойынша – 343 008 (40,6 пайыз) адамды құрады.

Көші-қон өсімінің көрсеткіші -  15 058.  Ал, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12,5 пайызға көтеріліп, 15 437 адамды құраған.

Хабарламаларға жазылу