Астанада «Әділет органдары кеңес береді» атты республикалық акция өткізіледі. Акция аясында қалалық заңгерлер, сот орындаушылар, сондай-ақ, нотариустар және адвокаттар бірлесіп, қосымша тізбеде көрсетілген мекемелерінде халыққа тегін құқықтық кеңес беру кездесулері өткізіледі.
Акция кезінде 3-5 желтоқсан аралығында елдi мекендерге аралау жоспарланып отыр:
- 3.12.2014 ж. сағат 11:00-13:00 дейін Өндіріс к. №49 орта мектебі ғимаратында тұрғындарымен кездесу өткізіледі;
- 3.12.2014 ж. сағат 15:00 Сарыарқа ауданының №4 ХҚКО-да қала тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылады;
- 4.12.2014ж. сағат 11:00-13:00 дейін «Нұр Отан» партиясының Астана қ. филиалының ғимаратында қала тұрғындарын қабылдау шарасы ұйымдастырылады;
- 4.12.2014 ж. сағат 15-00 Қ. Мұнайтпасов атындағы спортинтернатында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырылады;
- 5.12.2014 ж. сағат 11.00 - 13.00 Әділет департаментінің ғимаратында (Жеңіс д., 15) қала мектептерінің әлеуметтік педагогтарына және көпбалалы ата-аналарға арналған «Ашық есік күні»;
- 5.09.2014 ж. сағат 14.00-16.00 ЕЦ-166/1 және ЕЦ-166/10 түзету мекемелерінде тегін құқықтық кеңес беріледі.