Павлодарда «Ана үйі» ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Ана үйі» ашылады

24.11.2014
Павлодарда «Ана үйі» ашылады

Орталық Екінші Палводар шағын ауданында орналасқан.

Аталмыш мекемеде қиын жағдайға тап болған жүкті әйелдер, 1,5 жасар балалары бар аналар уақытша пана таппақ.

Мақсат - түсік жасату оқиғаларын, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар қатарын азайту.

«Ана үйінде» тұратын әр әйелдің өз тағдыры бар. Олар бірінші кезекте психологиялық көмек пен қолдауға зәру. Бұл қызметтерді психолог мамандар мен медбикелер атқарады»,  дейді жоба үйлестірушісі Әсел Әбішева.

Алдағы уақытта орталықта тігін, шаштараз, аспаздық іс бойынша оқыту курстары ашылмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Хабарламаларға жазылу