Ақмола облысында пошта бөлімшесінен 2,5 миллион теңге ұрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында пошта бөлімшесінен 2,5 миллион теңге ұрланды

24.11.2014
Ақмола облысында пошта бөлімшесінен 2,5 миллион теңге ұрланды

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. 

22-қараша күні Еңбекшілдер аудандық Ішкі істер бөліміне аудандық «Қазпошта» торабының басшысы Заозерное селосындағы пошта бөлімшесінен 2,5 миллион теңгенің ұрланғанын айтып, шағымданған.

Осыған орай, қолға алынған жедел-іздестіру шарасы барысында «Алматы-Екатеринбург» тасжолының бойында «Ford Sierra» автокөлігі тоқтатылып, ішінде отырған жолаушы, яғни, 1991 жылғы күдікті қолға түскен.

Күдіктінің Ресей Федерациясының азаматы екені анықталды.

Ол ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстанға жұмыс істеуге келген. Соңғы кездері аталған «Қазпошта» бөлімшесінде от жағушы болып жұмыс істеген.

Қазір ҚР ҚК 175-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу