Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел соғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел соғады

23.11.2014
Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел соғады

23 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ, тұман болады, жел күшейеді. Солтүстік өңірде бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола облысында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады, кей аймақтарда боран болып, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады, кей жерлерде 23-25 м/с-қа дейін барады, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстанда жел 15-20 м/с екпінмен соғады, бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында да желдің күші 15-20 м/с-қа барады, тұман түсіп көктайғақ болады.  Ақтөбе, Атырау облыстарында көктайғақ болып, 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің екпіні  15-20 м/с-қа дейін барады, тұман, көктайғақ болады.

Хабарламаларға жазылу