Астананың Суда құтқару қызметі мұз қату кезеңінде мұзбен жүрмеуге шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың Суда құтқару қызметі мұз қату кезеңінде мұзбен жүрмеуге шақырады

21.11.2014
Астананың Суда құтқару қызметі мұз қату кезеңінде мұзбен жүрмеуге шақырады

Елордада ауа температурасының төмендеуінен су қоймаларында қалыңдығы 7-12 см мұз қатқан. Мұз қатуы кезінде бірқатар қайғылы жайттар орын алып жатады. Мұның басты себебі су айдындарындағы абайсыздық салдары. Мұздың толығымен қатуына кем дегенде екі апта уақыт керек, дейді мамандар.

Астана қаласы ТЖД-нің Суда құтқару қызметі ескертеді:

- Дұрыс қатпаған жұқа мұзға шығуға болмайды.

- Жарылған мұзға, жұқанаққа, ойықтарға жақындауға болмайды.

- Күзгі мұздың үстінде топпен жиналу қауіпті.

- Көлік құралдарымен мұздың бетіне шығу қауіпті.

- Қараңғы түскен кезде, айнала дұрыс көрінбеген жағдайда мұзға шығу қауіпті.

Есте сақтаңыздар, мұз қату кезеңінде қайғылы жайттарға көбінесе балалар тап болады. Балалардың өз бетінше өзенге баруына жол бермеңіздер!

Хабарламаларға жазылу