Тәкен Әлімқұлов – қазақ әдебиетіндегі қайталанбас дара тұлға. Қарымды қаламгер Созақ ауданы, Бабатай жерінде дүниеге келді. Оның тағдыр жолы шырғалаңға толы болса да, тағдырлы туындылары әдебиет кеңістігіндегі жарық жұлдызға айналды. Жазушы ақын, әдебиет зерттеушісі жөнінде айтылар естеліктер де көп.
«Мен Мәскеуде оқып жүрген кезімде Тәкен Әлімқұловпен іні, бауыр ретінде көп араластым. Әңгімелерін үзбей оқыдым. Ол кісінің «Ақбозат» атты романын да алғаш оқыған едім»,-деп еске алады жазушы Әкім Тарази.
Қаламгердің соңында қалған «Жұмбақ жар», «Бозжорға», «Ақбозат» және т.б. туындылары тасқа түскен таңбадай әдебиет тарихында сақталды.
Сөз зергерінің көзін көрген замандастарының айтуынша, Тәкен Әлімқұлов күйшілік өнерден де кенде болмаған. Бұдан бөлек ол шын тұлпарды бірден танитын атбегі болғаны белгілі.
Әдебиет саласының бірнеше жанрын қатар меңгерген талант турасында толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.