«Түнгі студияда» - «Город 312» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - «Город 312»

20.11.2014
«Түнгі студияда» - «Город 312»

«Город 312» Қырғыз елінің Бішкек қаласынан шыққан поп-рок стилінде ән айтатын топ. Топ 2001 жылы құрылған. Алғашқыда ұжым топтың атын «Мангра» деп қоймақшы болады.

Алайда, одан бас тартып Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласының телефон кодын (312) алады. Осылайша топтың атауы «Город 312» болып қалады.

Әуелде топтың құрамында төрт адам болған. Бірақ, ұжым Мәскеу қаласына ауысқан кезде, Ресей астанасының «сынағына» шыдай алмаған Аян топтан кетеді. Оның орнына гитарашы Маша алынады. Топ құрылғалы бері барабаншыларын да бірнеше рет ауыстырып үлгерді.

Бүгін «Түнгі студияда» «Город 312» қонақта. Ұлттық арнадан сағат 23.30-да көріңіз.

Хабарламаларға жазылу