Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстары 2015 жылдың қаңтарында басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстары 2015 жылдың қаңтарында басталады

20.11.2014
Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстары 2015 жылдың қаңтарында басталады

Бұл туралы бүгін «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайлы Қазақпарат.

«Қазіргі уақытта біздер тұрғын үй салудың жаңа механизмдерін әзірлеудеміз. Бағдарламаға сәйкесінше өзгертулер желтоқсан айында енгізіледі.  Ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан еліміздің барлық өңірінде жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша үйлердің құрылысы басталады», - деді ол.

Жалдамалы тұрғын үй құрылысы үшін «Бәйтерек» холдингіне 0,1 пайыздық ставкамен 30 жылға 145 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.

«Жалдамалы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының операторы «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ болады. Қосымша 1 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Хабарламаларға жазылу