Павлодарда жол қозғалысын «Ақылды камералар» бақылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жол қозғалысын «Ақылды камералар» бақылайды

19.11.2014
Павлодарда жол қозғалысын «Ақылды камералар» бақылайды

Ереженің бұзылуы туралы процессингілік орталыққа жіберіліп, мұнда түскен барлық ақпарат өңделетін болады.

Компьютер бір уақытта барлық түскен дабылдарға сараптама жасап, жылдамдықты дәлме-дәл салыстырады.

Кейін бұл жөнінде ақпарат пен айыппұл көлемі көлік иесіне мекенжайы бойынша жеткізіледі.

Жол ережесін бұзған жүргізушіге салынған айыппұлды төлеу үшін бір ай уақыт беріледі.

Тәртіп сақшылары аталмыш жүйе автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырып, жол-көлік оқиғасының алдын алуға оң әсер етеді деген сенімде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Хабарламаларға жазылу