«Ең алдымен бұл сайыстың Қазақ елінде өткеніне қуандық. Өзімнің қазақтың намысын қорғап шыққанымды абырой көремін. Алғаш жеңісіммен құттықтаған кішкентай қызым Мәриям. Мен соңғы мүмкіндікке шыққан кезде қызымның «әкелеп» қолын көтергенін байқадым»,-дейді спортшы.
«Ауыр атлетикамен айналысып жүргеніме 8 жыл болды. Осы Әлем чемпионатына екі жылдай уақытым кетті. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Сайыста мықты қарсыластар болды. Алайда, намысты қолдан бермеу жолында басты қарсылас өзімнің ішкі толқынысым болды»,-дейді Жасұлан Қыдырбаев.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.