Әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары 26 қарашада жарияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары 26 қарашада жарияланады

19.11.2014
Әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары 26 қарашада жарияланады

26 қарашада республикалық әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары жарияланады.

«Әскери әндер» радиофестивалі - «Қазақстан» РТРК АҚ Қазақ радиосы мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірлескен жобасы.

Радиофестивальге барлығы 200-ден астам ән келіп түсті. Гала-концертке 16 ән жолдама алды.

Көркемдік кеңестің іріктеуінен өткен әндер Қазақ радиосы мен «Шалқар» ұлттық радиосы  эфирлерінен берілуде.

Байқау қорытындысына арналған кеш  26 қарашада «Конгресс-Холл» сарайында өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу