
Заманауи құрылғылармен жабдықталған шағын автобусты облыс орталығындағы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары аймақтағы экологиялық кеңес отырысында таныстырды.
Санитарлық-гигиеналық зертхананың меңгерушісі Гүлжан Ұлтанбаеваның айтуынша, жаңа техника зиянды заттардың 37 түрі бойынша ауа сынамаларын зерттеуге мүмкіндік береді.
Негізгі артықшылығы - жылдамдығында және төменгі ауа температурасында жұмыс істеуі
«Стационарлық экобекеттер қоршаған ортаның экологиялық жағдайын белгілі бір мекен бойынша бақылауға қауқарлы болса, бұл экостанция ауа сынамаларының нәтижелерін кез келген аумақ бойынша алуға мүмкіндік береді», - дейді Г. Ұлтанбаева.
Pavlodarnews.kz
