Қазақстанда «Эко-Даму» микронесиелендіру бағдарламасы іске асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «Эко-Даму» микронесиелендіру бағдарламасы іске асырылады

18.11.2014
Қазақстанда «Эко-Даму» микронесиелендіру бағдарламасы іске асырылады

«Эко-Даму» бағдарламасының мақсаты - Қазақстан Республикасының 27 ерекше қорғалатын табиғи аймақтарына және «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының айналасында орналасқан елді мекендерге шағын несие беруге жәрдемдесу.

 Жаңа бағдарламаны іске асыруға қазіргі кездегі 10 қорықтың, 12 ұлттық парктің және 5 табиғи резерваттың, жоспарланып отырған бір «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының айналасында орналасқан елді мекендер қатысатын болады.

Зайымның көлемі - 100-ден бастап 5400-ге дейінгі АЕК, сыйақы мөлшерлемесі -жылдық 4 пайыз,  тиімді сыйақы мөлшерлемесі -   4,3 пайыздан артық емес, несие беру мерзімі - 4,5 жыл, қамтамасыз ету - қордың кепілдік саясатына сәйкес, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Хабарламаларға жазылу