Астана қалалық бюджетінде әлеуметтік атаулы көмек көрсетуге 309,9 миллион теңге қарастырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қалалық бюджетінде әлеуметтік атаулы көмек көрсетуге 309,9 миллион теңге қарастырылған

18.11.2014
Астана қалалық бюджетінде әлеуметтік атаулы көмек көрсетуге 309,9 миллион теңге қарастырылған

Соның ішінде, келер жылы 103 миллион теңге бөлінбек.

Бұл туралы қалалық мәслихатта 2015-2017жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Жүсіпованың айтуынша, Сарыарқа ауданында осы мақсатта 139,5 миллион теңге бөлінеді.

Елорданың үш жылға арналған бюджет жобасында Есіл ауданында мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 146,7 млиллион теңге бөлу көзделген, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу