18 қараша күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ҚР Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылауға байланысты жиын өтеді.
Жиынға оқу орынның басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері, Қыздар университеті жанындағы «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысады. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Кезекті Жолдауды түсіндіруге арналған жиында қатысушылар Елбасының биылғы Жолдауы туралы ойларын ортаға салып, саяси құжаттың ерекшелігі мен маңыздылығын сөз етеді.