20 қараша күні Астанада Президент оркестрінің әншісі Досымжан Таңатаровтың «Отаным десем...» атты шығармашылық кеші өтеді.
«Осы жасқа келгенде махаббатты жырлап жатқаным – менің азаматтығыма сын болар деп, патриоттық тақырыптағы, Отанды, ел мен жерді, ауылды, туыстарды жырлайтын әндердің басын қосып, кеш беруді жөн көрдім. Бұл кеште соңғы 15-20 жылдағы әндер, ең алғашқы орындаған әндерім жаңаша өңделіп, орындалатын болады. Өзім қызмет ететін Президент оркестрінің толық құрамы өнер көрсетеді»,-дейді әнші.
«Сонымен қатар, атағынан ат үркетін опера әншілері Жанат Шыбықбаев, Әсел Мәдекешова, дәстүрлі әншілер – Елмұра Жаңабергенова, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова және «Аламан» тобы болады. Одан басқа өнердегі танымал достарым Саят Медеуов, Тоқтар Серіков, Әйгерім Қалаубаева сынды әншілер қатысады».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.