Тимур Сегізбаевтың «Спартак» қақпасына салған қос добы «Қайратқа» тарихи жеңіс алып келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимур Сегізбаевтың «Спартак» қақпасына салған қос добы «Қайратқа» тарихи жеңіс алып келді

17.11.2014
Тимур Сегізбаевтың «Спартак» қақпасына салған қос добы «Қайратқа» тарихи жеңіс алып келді

Қазақ футболының ардагері Тимур Санжарұлы дүниеге келгенде сұм соғыс басталып, балалық шағы қиын-қыстау кезеңге тап келді. Әкесі 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырап,  Тимур бауырларынан ажырап қалған-ды.  Семейден Алматыға көшіп келіп, бірнеше пәтер ауыстырады.  Бірақ, қаланың қай ауданында тұрса да, ауладағы балалармен доп қуып, үлкендерге еліктеп өседі.

«Таңнан қара кешке дейін алаөкпе болып, жалаңаяқ доп қуатынбыз. Шаңы шыққан қара жолдың бойына қос кірпіштен қақпа қойып, көше-көшеге бөлініп, футбол ойнайтынбыз. Спортқа деген сүйіспеншілік осылай қалыптасты»,-деп еске алады даңқты футболшы.

«Институтта оқып жүргенімде, Спорт министрі  Хамза Мұхамеджанов ағамыз: «Саған «Қайраттың» басшылығы өтініш білдіргелі келіп тұр. Сенің «Қайратта» ойнағаныңды қалайды. Бірақ, ескертемін: сабағың нашар болса, ешқандай да «Қайратқа» бармайсың»,-деді. Мен барған күні «Қайраттың» ойыншылары Украинаға оқу-жаттығу жиынына кетіпті. Мен жалғыз өзім «ИЛ-14» деген ұшақпен ұшып, трамвайға отырып, ақыры соңдарынан жеттім», дейді Тимур Сегізбаев.

Алаңдағы шалт қимылы арқылы сөзге түскен Тимурға танымал бапкер Георгий Козелько кеңес беріп, дене тәрбиесі институтына оқуға түсуге қол ұшын береді.  Екінші курста оқып жүріп, «Қайраттың» сапынан бірақ шығады.

Ал, одақ кезіндегі аты дүркіреген «Спартакты» сонау Мәскеуде өз алаңында 2:0 етіп жеңгені  әлі елдің есінен кете қойған жоқ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу