17, 18 қараша күндері БҰҰ Азаптауға қарсы комитеті Женевадағы Вильсон Сарайында Қазақстан есебін онлайн көрсетілетін сессия барысында қарайды. Шара барысында комитет Қазақстанның делегациясымен диалог жүргізіп, үкіметтік емес ұйымдардың пікірін тыңдайды.
Ашық сессия Астана уақыты бойынша, бүгін сағат 15:00-17:00 аралығында, ал ертең сағат 15:00-18:00 аралығында ұйымдастырылмақ.
Сондай-ақ, жиында әділ сот және қорғаушылар тәуелсіздігі, қамауда ұстау орындарындағы жағдайлар, түрмедегі өлім, адам саудасы, азаптау және қатігездік туралы шағымдарды тергеу, әскердегі зорлық-зомбылық мәселелерін талқылау көзделуде.
Комитет сессия қорытындысын 28-қараша күні жариялайды.