Францияда Наполеон Бонапарттың 1800 жылы Маренгодағы шайқас кезінде киген екібұрышты қалпағы бәссаудаға шығарылды, деп хабарлады Би-би-си.
Наполеонның танымал бас киімінің қазіргі иесі – Монако корольдігінің үйі. Сарапшылар қалпақты 300-400 мың еуроға бағалап отыр.
Бәссаудаға француз императорының басқа да мыңнан астам заттары шығарылмақ.