Қызылжардың табиғаты кімді де болсын қызықтырмай қоймасы анық. Орманды алқаптарының тоқсан пайызына жуығын мың бұралған қайыңдар алады. Сондықтан да, бұл өңір ел аузында «ақ қайыңдар өлкесі» деп те аталады.
Ежелден қазақтың мекені болған Қызылжар топырағында қасиетті жерлер өте көп. Солардың бірқатарымен бүгін 15.55-те «Мәлім де беймәлім Қазақстан» хабарынан таныса аласыздар.