Остеопороз – бұл сүйек аурулары, ол сүйек тіндері мықтылығының төмендеуімен сипатталады. Нәтижесінде сүйектер сынғыш болады, олардың сынып кету қауіпі артады.
Сыну – остеопороздың ең қауіпті асқынуларының бірі. Санақ мәліметтері бойынша, әрбір 30 секунд сайын остеопороз салдарынан сыну болады екен.
Әлемде 50 жастан кейін әрбір 3-ші әйелде және әрбір 5-ші еркекте остеопорозбен байланысты сыну қаупі бар.
Остеопороз қандай дерт? Оның алдын алуға бола ма? Алғашқы белгілері қандай? Бүгін 10.05-те «Дауа» бағдарламасынан көре аласыздар.