Бақытжан Әлменов ағынсыз, яғни, тұйық су көзін пайдалану арқылы арзан электр энергиясын алудың жолын ойлап тапқан. Бұл жаңалықты шетелдік ғалымдар электр энергиясын өндірудің арзан әрі жылдам тәсілі деп бағалады.
Осылайша қондырғыны, яғни, машинаны іске қосу арқылы ағынсыз немесе тұйық су көзінен (баяу ағысты өзен, көл, теңіз, мұхит, құдық, тіпті, су толған шұңқыр) Архимед ашқан судың денені жоғары итеру заңдылығын пайдалану әрі дамыту арқылы электр энергиясын өндіруге болады.
Бақытжан Әлменовтің айтуынша, су неғұрлым терең болып, ауа толтырылған қапшықтардың саны көбейген сайын, машинаның электр қуатының қарқыны арта түседі.
Өнертапқыш Бақытжан Әлменов туралы не білесіз? Отандық өнертабыс иелері көбіне шетелден қолдау табады. Мұның себебі неде? Бүгін 23.30-да «Сіз не дейсіз?» хабарынан көріңіз.