Қазіргі таңда әлемде интернетті бақылаумен айналысатын МАГАТЭ үлгісіндегі немесе БҰҰ-мен үйлестіретін ұйымдар негізінде дүниежүзілік ортақ орган құру мәселесі қаралып жатыр.
Бұл туралы Мәскеуде өтіп жатқан RIW 2014 конференциясында Ресей мемлекеттік думасы ақпараттық саясат, ақпараттық технология және байланыс комитетінің басшысы Леонид Левин мәлемдеді.
«Мұндай орган қазіргі Халықаралық электро байланыс одағына қарағанда мол мүмкіндікке ие болады», дейді Левин.
Оның сөзінше, халықаралық қоғам желіні бақылау бағытына түсіп келеді. Себебі, бүгінде барлық тарап виртуалды кеңістікте тәртіп пен қауіпсіздіктің болғанын қалайды.
Левиннің сөзіне қарағанда, мұндай қауымдастық интернетті басқару бір ғана елдің аясында қалып қоймауы үшін қажет. Сондай-ақ, халықаралық орган алдыңғы жылдары ашылуы мүмкін.