Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылсын», - деп жазылған Жарлықта.