Елбасы Жарлығына сәйкес Гүлшара Әбдіхалықова ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
Гүлшара Наушақызы Әбдіхалықова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын, делінген Жарлықта.