«Екібастұз-Семей-Өскемен» бағытында жоғары вольтті желі салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Екібастұз-Семей-Өскемен» бағытында жоғары вольтті желі салынады

11.11.2014
«Екібастұз-Семей-Өскемен» бағытында жоғары вольтті желі салынады

«Өткен бес жылда Индустрияландыру бағларламасы аясында энергетика саласында бірқатар жұмыс атқарылды.

Дегенмен, магистральді желілердің шектеулі болуы елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, ал, орталық және шығыс облыстарда табиғи газдың тапшылығын тудырады», - деді.

Осы орайда, Мемлекет басшысы негізгі екі бағытта жұмыла жұмыс істеу керектігін атап өтті.

«Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» бағыттарында жоғары вольтті желілерді салу керек. Бұл еліміздің барлық өңірін теңгерімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы. 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу