Астанада Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні бірқатар шара ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні бірқатар шара ұйымдастырылады

11.11.2014
Астанада Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні бірқатар шара ұйымдастырылады

Астанада Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне орай, бірқатар шара ұйымдастырылады.

13 қарашада сағат 10.00-12.00-де  Астана қаласының «ХҚКО» РМК Есіл аудандық филиалы базасында «Ашық есік күні» өткізіледі.

Шара аясында тұрғындар қант диабетіне қарсы тексерістен өте алады.

Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне арналған семинарлар, сабақтар өткізіліп, диабеттің алдын алу туралы жадынамалар таратылады.

Білім мекемелерінде жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру мақсатында семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылмақ.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, соңғы 9 айда елордада 10 мыңға жуық адамға қант диабеті диагнозы қойылған, оның  92-і жасөспірім, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу