Еліміздегі 14 әуежайдың ұшу-қону жолақтары реконструкциядан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 14 әуежайдың ұшу-қону жолақтары реконструкциядан өтті

11.11.2014
Еліміздегі 14 әуежайдың ұшу-қону жолақтары реконструкциядан өтті

Еліміздің 18 әуежайының 14-де ұшу-қону жолағы реконструкциядан өтті. Талдықорған әуежайынан кейін қарашаның басында Орал әуежайын реконструкциялаудың бірінші кезеңі аяқталып, соның аясында ондағы ұшу-қону жолағы нығайтылды. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Әуежайларды реконструкциялау ҚР көлік жүйесі инфрақұрылымын дамыту және интеграциялаудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында іске асырылуда.

Биылғы жылдың аяғына дейін Петропавл қаласының әуежайына арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылға дейін Қостанай, Семей, Өскемен және Петропавл әуежайларының ҰҚЖ-ның реконструкциясын аяқтау жоспарлануда. 

Хабарламаларға жазылу