Астанада 100-ге жуық жерасты және жерүсті өткелдері салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 100-ге жуық жерасты және жерүсті өткелдері салынады

10.11.2014
Астанада 100-ге жуық жерасты және жерүсті өткелдері салынады

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков аппараттық кеңесте Мемлекет басшысының жаяу жүргіншілерге арналған жерасты және жерүсті өткелдерін салу жөніндегі тапсырмасын орындауды жүктеді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жаяу жүргіншілер өткелдері қалалық жол инфрақұрылымының маңызды элементі саналады.

Сондықтан, алдағы уақытта елордада жалпы саны 99 жерасты және жерүсті өткелдерін салу көзделіп отыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу