Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Зүлфия Чиншанло екі сайыс қорытындысы бойынша 232 (98+134) келі көтеріп, Әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, ол серпе көтеруде 134 келі көтеріп, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Осылайша қазақстандық зілтемірші әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.
1. Зүльфия Чиншанло (Қазақстан) — 232 (98+134)
2. Хсу Шу-Цзин (Қытайлық Тайпей) — 218 (99+119)
3. Ли Ячжун (Қытай) — 214 (96+118).
Еске сала кетейік, кеше жарыс жолына шыққан Арли Чонтей алтыншы орын иеленсе, қыздар арасынан Маргарита Елисеева алғашқы айналымнан аса алмады.
Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Фото: almaty2014iwf.com