Тарихшылардың дерегінше, Бейбарыс сұлтан тағына отырысымен әр шаһардың қорғанысын нығайтып, қамал мұнара, жол бойына, бекет айлақтарға шырақ салдырады. Әр қалада тұрақты әскер ұстайды.
«Тәртіпті нығайтып, ұры-қары, қарақшыны жойды. Шөлейтке арна қаздырып, құбыр тартқызды. Сарай ішіндегі алауыздықты жойды.
Әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған көпестерге есік ашты. Өзендерге көпір салдырып, әр шаһарға мешіт орнатты».
Бүгін 19.30-да «Сұлтан Бейбарыс» телехикаясының 5-бөлімін көріңіз. Ал, өткен бөлімдері мұрағатта.