Фотожурналистерге конкурс жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фотожурналистерге конкурс жарияланды

10.11.2014
Фотожурналистерге конкурс жарияланды

Лукас Долегтің жүлдесі қауіпті әрі қатерлі жерлерден ақпарат беру жолында аянбайтын қызметкерлерге беріледі.

Байқауға қатысушылар қақтығыс, революция, табиғи немесе санитарлық апат туралы баяндайтын таңдаулы 10-20 деректі фотосурет жіберуі тиіс. Сондай-ақ, бостандықты қорғау және демократия тақырыбына байланысты фотосуреттер сериясы да конкурсқа қатыса алады.

Сайыс жеңімпазы 10 мың еуро көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар, оның туындысы Парижде өтетін көрмеге қойылып, «Шекарасыз репортер» мекемесінің альбомына енеді.

Өтінімдер 15 қарашаға дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу