Нәзік жырымен оқырманды елең еткізіп, қазақ әдебиетіне 60-шы жылдары Сағи Жиенбаев келді. Поэзия зергері 1934 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылында туған.
Балалық шағы II Дүниежүзілік соғыс жылдарына тап келіп, көп қиындық көрсе де, үнемі кітап оқыды. Әдебиетті ерекше жақсы көрді. Соғыс тақырыбында жазылған «Жеңістің тұңғыш таңы», «Күткен күн», «Медаль» өлеңдері Кеңес одағы тұсында жоғары бағаланды.
Сағи Жиенбаев 1955 жылы Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтында білім алып, өмірлік жары Уәзипа апаны сонда кездестірді. 1956 жылдан ақын «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан пионері» және бірнеше журналда жұмыс істеді.
«Сағи Жиенбаевтың бірқатар өлеңін оқыдым. Оларда толып жатқан образ. Көп шындық, көпшілікке ортақ шындық бар. Біртүрлі еліктіретін, сүйсіндіретін, оқушыға бас игізетін соншалық шындық пен бетке ыстық демі сезіліп кеткендей көрінетін шыншылдық бар. Поэзияға керек нәрсе – осы шыншылдық»,-деп Мұхтар Әуезов ерекше ризашылық білдірген екен.
Ақынның шығармашылығы турасында толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.