«Магнум» қоры фотографтарға арналған стипендия тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Магнум» қоры фотографтарға арналған стипендия тағайындады

09.11.2014
«Магнум» қоры фотографтарға арналған стипендия тағайындады

Нью-Йорк университетінде фотография саласын меңгеріп жатқан студенттер және кәсіби мамандар «Human Rights Fellowship» атты адам құқығына бағытталған стипендияны алуға өтініш жаза алады.  «Магнум» қоры мен Нью-Йорк университеті Тиш мектебінің фотография бөлімі фотография және адам құқығына арналған жазғы мектеп ұйымдастырмақ.

Алты апталық бағдарлама үш курстан тұрады. Ондағы мақсат – қатысушыларды адам құқығына бағытталған үздік деректі жобалар түсірудің жолдарымен таныстыру.

Стипендия иегерлері курс біткеннен кейін қосымша уақытқа Нью-Йоркте қалады. олар жергілікті редакторлармен, баспагерлермен және басқа да мамандармен, музей, галерея сондай-ақ, басқа да мәдени ресурстармен танысады.

Өтініштер 4 желтоқсанға дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу