Азия туралы деректі фильмдер фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия туралы деректі фильмдер фестивалі өтеді

09.11.2014
Азия туралы деректі фильмдер фестивалі өтеді

Нью-Делидегі азаматтық қоғам орталығы «Jeevika-2014» кинофестиваліне өтініштер қабылдай бастады. Фестиваль Азияның түкпір-түкпіріндегі ауыл-қалалардың тұрғындары, олардың күнделікті кездесетін мәселелері, қиындықтары туралы деректі фильмдерге арналған.

Байқауға Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Бангладеш, Бутан, Бруней, Камбоджа, Қытай, Шығыс Тимор, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Жапония, Лаос, Макао, Малайзия, Мальдивс аралдары, Моңғолия, Мьянма, Непал, Солтүстік Корея, Пәкістан, Филиппин, Сингапур, Оңтүстік Корея, Шри-Ланка, Вьетнам, Тайвань елдері туралы түсірілген жұмыстар қабылданады.

Сондай-ақ, сайысқа тек 2012-2013 және 2014 жылдары аяқталған жұмыстар қатыстырылады. Жұмыстар кез келген тілде түсірілуіне болады, тек ағылшын тіліндегі субтитр міндетті болуы шарт.

Үміткер фильмдер 13-14 желтоқсан күндері  Нью-Делидегі UChicago орталығында халық назарына ұсынылады. Ал, жеңімпаздарға 8-10 қаңтар аралығында Непалда өтетін «Asia Liberty Forum» шарасына жолдама беріледі.

Өтініштер 15 қарашаға дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу