Кеше Германияда рингке екінші орта салмақ бойынша WBO нұсқасы титулының бұрынғы иегері, 33 жастағы Роберт Штиглиц пен орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, 35 жастағы неміс спортшысы Феликс Штурм шықты.
Он екі раундтың қорытындысы бойынша бір төреші жеңісті 115-113 есебімен Штурмға, ал, екінші төреші дәл осындай есепті Штиглицке берді, үшіншісі болса, 114-114 есебімен тең ойын болды деп есептеді. Жекпе-жектен кейін екі боксшы да қарымта матчт өткізуге ниеттерін білдірді.
Бұған дейін бұл айқастың жеңімпазымен кездесуге әзір екендігін мәлімдеген, осы жекпе-жекті тамашалаған WBO бойынша орта салмақтағы чемпион Артур Абрахам бұл бәсекеде Штурм жеңді деп есептейді.
Ал, орта салмақтағы WBA чемпионы Геннадий Головкин болса, төрешілерінің шешімімен келісті, деп хабарлайды sports.kz.