Астана: Мемлекет қажеттілігі үшін сатып алынған жерге жаңа балабақша салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана: Мемлекет қажеттілігі үшін сатып алынған жерге жаңа балабақша салынады

08.11.2014
Астана: Мемлекет қажеттілігі үшін сатып алынған жерге жаңа балабақша салынады

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 43-сессиясында мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін сатып алу туралы 16 келісім жобасы қаралды, деп хабарлайды astana.kz.

Астана қаласы мәслихаты заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Николай Мещеряковтің айтуынша, қазіргі кезде жер иелерімен 16 келісім жасалып, қажетті келісу процедуралары жүргізілді. Сатып алынатын жерлердің Комсомольский тұрғын алабында орналасқан үшеуі  балабақша салуға беріледі.

Бұдан басқа, Сарыарқа ауданы аумағында, Бөгенбай батыр даңғылы, Кенесары көшесі, Сарыарқа даңғылы мен Күмісбеков көшесінде бес жер учаскесі сатып алынады. Бұл жерлер инженерлік желілер тарту үшін пайдаланылады. 

Бұған дейін хабарланғандай, шағын айналма жол салуға (Бейсекова көшесі), Байтұрсынов көшесінде жаңа мектеп құрылысына, сонымен қатар, Мирзоян және № 42 көшелерде 39 жер учаскесі сатып алынады.

Хабарламаларға жазылу