«Батырлар тек соғыста ғана танылады», деген бекер. Бейбіт заманда да небір ерлік жасалады. Жаудан беті қайтпайтын, оттан да, судан да тайынбайтын талай батыр арамызда жүр. Өмір мен өлім қатар келген қас-қағым сәтте әрбір адамның бойында болатын қорқынышты жеңіп, жанкешті әрекеттерге барған талай ержүрек азамат бар қазақта.
Қылмыскерлермен күресу жолында сүйектері бірнеше жерден сынған 26 жастағы Қайрат Ибраимов Арқалықтағы аймақтық ауруханада қаза табады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен аға лейтенант Қайрат Ибраимов жауынгерлік тапсырманы орындау барысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Ерлікпен қаза тапқан жауынгердің отбасы туралы бүгін 19.45-те «Тағдыр» хабарынан көре аласыздар.