«Қазақтың басқа ұлттарға қарағандағы айырмашылығы, әрбір қазақ стихиялық тұрғыда тарихшы. Қазақ халқы көне халықтардың бірі. Біздің тарихымыз да, мемлекеттілігіміз де көне заманнан келе жатыр»,-дейді тарихшы, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған.
«Қазақтың арасында қырқыс болған емес ешқашан. Руаралық немесе тайпааралық тартыс болған емес. Жеріміз байтақ. Халық бір-бірін жақсы түсіне білген. Осынша жерді бүгінге дейін сақтап келді ғой. Егер әлсіз мемлекет болса, осынша жерді ұстар ма еді?»,-дейді тарихшы.
Тарихшының қазақ тарихына қатысты тұщымды ойларын бүгін 23.30-да «Сіз не дейсіз?» хабарынан тыңдай аласыздар.