Бүгін – «Сұлтан Бейбарыс» телехикаясының 4-бөлімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Сұлтан Бейбарыс» телехикаясының 4-бөлімі

07.11.2014
Бүгін – «Сұлтан Бейбарыс» телехикаясының 4-бөлімі

Өз заманының ерекше тұлғасы Бейбарыс Сұлтан даңқының ғасырлардан асып, бүгінгі күнге жетуі кездейсоқтық емес. Мәмлүктер араб еліне ұзақ уақытқа созылған тыныштық әкелді, деп баға берген ғалым Карен Армстронг: «Иерусалим – бір қала, үш дін» атты еңбегінде Пасха мейрамы күндерінде көп жиналатын христиандардың басқа дін өкілдерімен қақтығысуын болдырмауы үшін Бейбарыс сұлтанның тапқыр шешімі туралы мынадай қызық дерек келтірген.

Бейбарыс Иерусалимде екі жаңа діни орнын ашады. Бірі Мұса (арабша Неби-Муса) пайғамбарға арналған Иерихонның жанынан, екіншісі араб пайғамбары Салихтің құрметіне Рамледен бой көтереді.

Осылайша, Бейбарыс Сұлтанның тапқырлығы арқасында үлкен мейрам кезінде түрлі дін өкілдері жақын жерде басқалардың да көп жиналатынын білгендіктен, өздерін тежеп ұстауға мәжбүр болған.

Осындай даналық шешімдер таба білген тарихи тұлға туралы «Сұлтан Бейбарыс» телехикаясының 4-бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 19.30-да көріңіз.

Хабарламаларға жазылу