«Шалқар» ұлттық радиосының эфирінен әр бейсенбі күні, сағат 09.35-те «Аударыспақ» радиоойыны ойнатылады.
Ереже бойынша, тікелей эфирге екі бірдей тыңдарман хабарласып, өздері білетін мақал-мәтелдерді айтып жарысады. Сонымен қоса, оның мазмұнын тарқатуы шарт.
Өз кезегінде мақалды айта алмай қалған тыңдарман ойыннан жеңілді, деп есептеледі.
Жеңімпазға «Шалқар» ұлттық радиосының атынан билеттер, кітаптар, сонымен қатар, радио арқылы жақындарына сәлем жолдауға мүмкіндік беріледі.
«Аударыспақ» радиоойынының мақсаты - қазақтың ескі мақал-мәтелдерін қайта жаңғыртып, тыңдармандарды ұлағатты сөздермен сусындату.