Шымкентте ардагерлер арасында байқау өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ардагерлер арасында байқау өтуде

07.11.2014
Шымкентте ардагерлер арасында байқау өтуде

Шымкентте  Жеңістің 70 жылдығына орай,  ардагерлер арасында «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» облыстық байқауы өтуде.

Шара мақсаты - ардагерлер арасында халық шығармашылығын жандандыру, жастардың бойына олардың асыл қасиеттерін, үлгі-өнегесі мен тәлім-тағылымын сіңіру.

Екі күнге жалғасатын байқауға 130-дан астам үміткер қатысуда.

Олар ән, би, қылқалам, қолөнер шеберлігі, айтыс  жанры бойынша бақ сынасады.

Фестиваль-байқауға қатысқан үміткерлер арнайы жүлделермен марапатталады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Хабарламаларға жазылу